15
ноябрь
2023
Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 15 қарашасында № 236 орта мектебінің базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.Олимпиада 2 кезеңнен тұрды:1-кезеңде мұғалімдер жеке берілген олимпиадалық тапсырмаларды орындады.2-кезеңде 1-кезеңнен өткен мұғалімдер командаға топтастырылып, командамен 4 турдан тұратын олимпиадалық тапсырмаларды берілген уақытқа сәйкес орындады.Нәтижесінде: мектебіміздің математика пәні мұғалімі Әбдіғапарова Шолпан Талғатқызы жүлделі 2-орынға ие болды. Жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!