Негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру рәсімі
12 маусым күні “Ш.Уәлиханов атындағы негізгі мектебі”КММ-де 9-сынып түлектеріне аттестат тапсыруға арналған салтанатты жиын өтті.9-сынып оқушылары өздерінің өміріндегі алғашқы құжаты-негізгі орта білім туралы аттестаттарын алды.Аттестат деген-өмірге берген жолдама,көптен күткен қуанышты кезең.Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп әкімшілігі,сондай-ақ оқытушылар,білім алушылардың ата-аналары қатысты.Мектеп ұстаздары мен ата-аналары түлектерді құттықтап,алдағы оқуларына сәттілік тіледі.