«Мамандық таңдау-маңызды іс» тақырыбындағы 9 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді. » «Ш.Уалиханов атындағы негізгі мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
Шоқан Уәлиханов атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 34742636
Есепші бөлімі:
+7(72) 34742636
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мамандық таңдау-маңызды іс» тақырыбындағы 9 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді.
06
май
2024

«Мамандық таңдау-маңызды іс» тақырыбындағы 9 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мектебімізде 06.05.2024 жылы  «Мамандық таңдау-маңызды іс» атты тақырыпта 9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
Мақсаты: ата-аналарға тың ақпараттар беру, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау. 
Күн тәртібінде:
  1. Кәсіби бағдар беру
  2. Қорытынды аттестацияға психологиялық дайындық
  3. Әртүрлі мәселелеp
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе  бойынша сынып жетекшісі сөз алды:«Бейіндік оқыту – баланың болашақ мамандығын сәтті таңдауының кепілі» атты баяндамасын оқумен басталады.  Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Мен 9 сынып оқушыларымен бір қатар жұмыс жүргіздім, мысалы тренингтер түрінде оқушылармен топтық кәсіптік бағдар беру сабақтары өткізілді. "Кім болғым келеді", "Мамандық таңдау маңызды іс", «Темперамент және мамандық» тақырыптарындағы кәсіптік бағдар беру бойынша сабақ, дөңгелек үстел өткіздім. Сабақтар оқушыларды болашақ мамандықты жауапкершілікпен таңдауға ынталандырады деп ойлаймын.
ДТЖО Келенова Л.Д.:  Кәсіби бағдар беру бойынша, мектеп ата-аналармен тығыз жұмыс жасауымыз керек. Ыстық ұя, туған үйлерінен кейінгі, екінші үйлері мектебі, өмірде өз орындарын табуға бірден бір себепші болары сөзсіз. Мамандық таңдап, болашақтан өз орындарын ойып табуда ата-анадан бөлек, ұстаздардың үлесі зор екенін білеміз. Осы орайда, оқушылардың қабілеттері мен бейімдерін шыңдауда мектеп ұжымы аянбай жұмыс жасауда, әр баланың өмірдегі өз орнын табуына барынша көмек көрсетіп келеді. 
Ата-ана: Отбасы - өмірді кемеліне келтіретін, бақыт әкелетін қасиетті мекен.    Дұрыс таңдалған мамандықтың оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды. Заман ағымына қарай, қоғамда түрлі мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру керекпіз.
Екінші мәселе бойынша ата- аналар қорытынды аттестацияға психологиялық дайындық жүргізілді, ұсыныстар айтылды. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив