Мектеп тарихы
Мектеп тарихы
Бірлікшіл ауылдық әкімшілігінің аумағында Шоқан Уәлиханов атындағы орта орналасқан. Қазаншұңқыр ауылында 1938 жылы мектептің негізі қаланды. Осы жылдары 4 сыныптық мектеп болған. Соғыс жылдарында Бірлікшіл ауылында төрт жылдық мектеп болды. Ең алғашқы ұстаз – Райсов Мұхаммади аға болған. Орталығы Буденный, кейіннен Игоревка ауылында төрт жылдық мектеп ашылған. Бірінші мұғалімі – Опара Вера Григорьевна. 1961 жылы сегіз жылдық мектеп ашылып, алғашқы мектеп директоры Рубанов И.М болды.
1955 жылы Қазаншұңқыр ауылының мектебі Қаратөбе ауылына көшірілді.
1958 жылы 8 жылдық М.Горький атындағы мектеп қайтадан Қаратөбе ауылынан (Терентьевка), Игоревка ауылына ауыстырылды. Мектеп директорлары: И.М.Рубанов, Ш.Асылбаев, С.Асыржанов, С.Б.Бейсенбаев, С.Ж.Жұмағұлов, Қ.Ә.Әлжанов, Ф.Ш.Асылбаева, Ә.А.Құмаров, Қ.Ж.Отарбаев, Г.М. Мусина, Қ.С.Майтұрсын, Е.Т.Құлжанбеков.
1973 – 1974 оқу жылында сегізжылдық негізгі мектеп оқушы санының көбеюіне байланысты мектеп онжылдық орта мектебіне ауыстырылды.
1974 – 1975 оқу жылында М.Горький мектебін он(жылдықтың алғашқы 39 түлегі бітіріп шықты. М.Горький мектебінде өте үлкен педагогикалық ұжым, орысша, қазақша оқитын сыныптар болды. Сол кезде мектеп директоры С.Б.Бейсембаев, ал оқу ісінің меңгерушісі Ф.Ш.Асылбаева, орыс сыныбының жетекшісі И.Я.Кених, қазақ сыныбының жетекшісі Ф.К.Смакова, кейіннен Д.Д.Даиырова болды.
1980 жылы мектеп жаңа мекенжайға көшірілді. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1992 жылы мектепке Шоқан Уәлиханов есімі берілді. Бүгінгі күнде мектеп ұжымында жиырмадан астам ұстаз өзінің шәкірттеріне білім беруде.
Мектеп тарихында оқу ісінің меңгерушісі болып Ф.Ш..Асылбаева, Б.А.Муртазина, Б.М.Әбілова, Ә.Д.Габитова, А.А.Тұрсынғалиева, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары З.К.Зұлхаирова, Н.С.Байбуханова, С.Ж.Жармағамбетов, Д.Б.Жүрсінбаев, С.Д.Серікпаев, Қ.Т.Абдрахманова, Т.С.Ахметжанов, Л.К.Ахметжанова, Г.М.Тезекпаева, Ә.Д.Габитова, А.А.Тұрсынғалиева, Г.С.Калымбаева, А.К. Искакова, Г.Ж.Молдакапасова , Л.Д.Келенова жұмыс істейді.
Мектепте әр жылдарда ұжымда мұғалімдер: Ережепбаев С.Е. ,Акаев Ш.А., Рамазанова Қ.Р., Увалиева Т.М., Байбуханова Н.С., Бексаинов Қ.Б., Даирова Д.Д. , Мамалакова Р.М., Зауытпаева М.З., Морозова А.И., Аюпов М.А., Жапишева Т.Т., Козлов Н.К., Макажанова С.Н., Тусупова Б.Р., Половкова Р.Н., Кениг И.Я., Жармағамбетова З.Ж., Енкенова Ү.З., Абишева Г.А., Калиев К.К.,Толғаспаева Т.А., Нұрғалиев Т.Ғ., Мырзағалиева Р.М., Ахметкалиева Р.А., Абилов Е.Н., Мусина Б.М., Чепель Е..Я., Уалханова Ғ., Ағайсенов С.Ж., Куспеков С.Т., Искаков А.Қ., Зимницкая А.В., Рейзвих Г.П., Гертфельдер Л.В., Броварь Л.В., Ташмухаметов М., Нургазин Ғ., Абдрахманова К.Т., Рахметова Ж.Т., Жакупов Б.М., Мухадиева Г.А., .Аубакирова М.К., Мұқыжанова Г.О., Жұмабекова А.Ж., ұстаздық қызмет атқарған. Білім беру саласында 20, 30 жылдан астам еңбек сіңірген осы мектепте қызмет істеп жүрген ұстаздарға Т.С.Ахметжанов, Л.К.Ахметжанова, Г.М.Тезекпаева, Г.Қ.Мамалакова, Г.Ш.Сапарғалиева, Г.С.Калымбаева, Д.С.Рахимова, Б.М.Нұртазинаны жатқызуға болады.